«AUYL SPORT-2026» турнирі басталды-ШҚО

Бүгін Өскеменде ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі өтіп жатыр.
Жоба ауыл балаларының спортқа қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Турнирге облыстың түкпір-түкпірінен 500-ге тарта спортшы жиналған. Жастар спорттың 7 түрінен, нақтыласақ, шағын-футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес, шахмат, бокс және үстел теннисі бойынша өзара бақ сынасады.
2024 жылы іске қосылған жоба аз уақыттың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде қолдау тапты.
«AUYL SPORT» жобасы Тимур Құлыбаев пен Halyk қайырымдылық қорының мұрындық болуымен жүзеге асырылып келеді.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауыл балалары үшін мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өтті.
— «AUYL SPORT-2026» – жай ғана спорттық бәсеке емес. Бұл – ауыл балаларына өз қабілеттерін көрсетуге, тәжірибе жинақтауға және болашақта үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды жоба. Ауыл – елдің алтын бесігі. Сондықтан қала мен ауыл балаларының спортпен айналысуына, тең жағдай жасау өте маңызды», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, спорттық дода 3 қазанға дейін жалғасады.



