Қандай отшашуларға айыппұл салынады?

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі отшашуларды қолдану тәртібін еске салды. Қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі өкілдері жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық тәртіпті сақтау басты міндет екенін мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін және аула аумақтарын ластамайтын шағын отшашуларды қолдануға рұқсат етіледі. Алайда кейбір пиротехникалық бұйымдар заңмен тыйым салынған санатқа жатады.
Атап айтқанда, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, мүлікке зиян келтіруі мүмкін немесе қоғамдық орындарды әдейі ластайтын салюттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Санжар Әділов құқық бұзушыларға Әкімшілік кодекстің тиісті баптары толық көлемде қолданылатынын атап өтті. Айыппұлдың нақты мөлшері құқық бұзушылықтың түрі мен оның салдарына байланысты белгіленеді.
Министрлік қазақстандықтарды жаңа жылды қарсы алу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және заңды бұзбауға шақырды.



