Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-дағы жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары аяқталды

Үш жылу электр орталығында негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл өңірде 8 қазандық пен 3 турбина жөндеуден өтті.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да (Жылу электр орталығы) 4 қазандық пен 2 турбина, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбина, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өткізілді.

Қазіргі уақытта үш станция да жұмыс істеп тұр. Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық пен 4 турбина, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбина, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбина жылу және электр энергиясын өндіріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары станциялардың тұрақты жұмыс істеуіне және қысқы кезеңде тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, жылу электр орталықтарында жабдықтардың жағдайы, жұмыс режимі және отын қоры тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта станциялар қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button