Өрт қауіпсіздігі бойынша 9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының 9 мыңнан астам бұзылуы анықталды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері осы уақытқа дейін 27 мыңға жуық тұрғын үйді аралап, тұрғындарға пеш пен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірді.
Тексеру кезінде анықталған заңбұзушылықтардың 5 мыңнан астамы жылыту пештеріне қатысты. Ал жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар 1959 кемшілікті өздері жойған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көпбалалы отбасыларға, жалғыз тұратын қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлуде. Олардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтайтын арнайы дабыл құрылғылары орнатылып жатыр.
Биыл облыс бойынша осындай 1000 құрылғы орнатылған.
Мамандар тұрғындарды жылыту пештері мен электр құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өрттің алдын алуға шақырады.



