Жаңалықтар
ШҚО-да алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Облыста 10-12 қараша күндері жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.
Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде облыс аумағында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болады.
Сонымен қатар жолдарда көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде күндіз ауа температурасы -3…+5 градус аралығында болады.
Осыған байланысты тұрғындарға жолда абай болып, ауа райының қолайсыздығын ескерген жөн.



