Жаңалықтар

«Berel» волейболшылары көш бастады

Өскемендік «Berel» волейбол командасы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Халук Коркмаз жаттықтыратын команда Талдықорған қаласында өткен екі кездесуде де жеңіске жетті. Алдымен жергілікті «Zhetysu» командасын 3:2 есебімен ұтса, келесі күні 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, «Berel» командасының еншісінде 23 ұпай бар. Екінші орында 20 ұпай жинаған «Quanysh» командасы тұр. Ал үздік үштікті 17 ұпаймен «Zhetysu» түйіндейді.

Айта кетейік, 8 ойыннан кейін бірде-бір ұпай жинай алмаған «Aktobe» командасы турнир кестесінің соңында келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button