Жаңалықтар

Өскеменде жоғалған жасөспірім табылды

Өскеменде жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды. Кеше сағат 17:00 шамасында қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған.

Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Патрульдік полиция қызметкерлері жасөспірімді төрт сағаттың ішінде тауып алды.

Құқық қорғау органдары жасөспіріммен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кейін оны заңды өкіліне тапсырды.

Полиция ата-аналарды балалардың қайда жүргенін қадағалап отыруға шақырады. Осындай жағдай туындаса, «102» нөміріне дереу хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button