Жаңалықтар

Өскеменде 49 лифт жаңартылады

Шаһар тұрғындары үшін тозығы жеткен жеделсатылар өзекті мәселелердің бірі. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан түйткілді сұраққа қала әкімі Алмат Ақышов жауап берді.

Қала басшысының айтуынша, биыл Өскемен қаласында ескі көпқабатты үйлерде 20-дан астам лифт ауыстырылған. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

– Бұл жерде заңдылық мәселелері бар. Лифттерді ауыстыру үшін алдымен теңгерімге алу қажет. Биыл біз қосымша 49 лифтті теңгерімге алдық. Қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Келесі жылы оларды кезең-кезеңімен ауыстыруды жоспарлап отырмыз,-деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button