Жаңалықтар

ШҚО-да жастармен экологияға арналған диалог өтті

Жыл қорытындысы бойынша, «Таза Қазақстан» акциясының бастамасымен Ұлан ауданында 50-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Дәл осы акция аясында Шығыс Қазақстан облысында жастармен экологиялық мәселелерді талқылауға арналған диалог өтті.

Іс-шараға волонтерлер, белсенді жастар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, табиғатты қорғау, қалдықтарды бөлек жинау және ресурстарды дұрыс пайдалану мәселелерін талқылады.

Оқушылар құстарға ұя жасап, оларды ағаштарға іліп, биологиялық алуандылыққа қамқорлық көрсетті. Шалқар көлінің маңына 300 көшет отырғызылды, Алғабас ауылында 150 адам сенбілікке қатысты. «Таза жағалау» акциясында Сартымбет жағалауы мен көл маңы 200-ден астам волонтермен тазартылды.

Кездесуде қатысушылар елді мекендерді абаттандыру және экологиялық жобаларды дамыту жолдарын талқылады. Спикерлер жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін айтып, жастардың экологиялық өзгерістердің басты қозғаушысы екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы «Таза Қазақстан» фестивалінде қоршаған ортаға қамқорлық әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуы керек екенін айтқан болатын. Бұл қағидат бүгін ШҚО-да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button