Жаңалықтар

Өскеменде екі жаңа қонақ үй салынады

Өскеменде туризмді дамыту мақсатында екі жаңа қонақ үй салынады. Бұл туралы ШҚО Туризм басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
– Облыс орталығына келген туристер үшін қонақ үй тапшылығы байқалады, әсіресе туристік маусымда және ауқымды іс-шаралар кезінде нөмірлер бос болмай жатады. Осыған байланысты, Өскеменде туризмді дамыту мақсатында екі жаңа қонақ үй салу жаспарланды, — деді облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.
Басқарма басшысының айтуынша, бірінші қонақ үйді Қытайдан келген инвестор 15 миллиард теңгеге салуды жоспарлап отыр. Бұл бес жұлдызды қонақ үйде 150 нөмір болады. Қазіргі уақытта жер учаскесін таңдалып жатыр.
Тағы бір ірі қонақ үйді жергілікті инвестор Hilton Garden Inn желісі бойынша 17 миллиард теңгеге салуды жоспарлап отыр. Жоба қаңтар айында сараптамадан өтіп, құрылыстың басталуы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button