Жаңалықтар

Риддерлік Дёминдер әулеті Қазақстандағы үздік еңбек династиясы атанды

Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Байқау нәтижесінде Риддер қаласынан келген Дёминдер әулеті Қазақстандағы үздік еңбек династиясы деп танылды. Әулеттің бірнеше буынын қамтитын жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады.

Еңбек династиясының негізін қалаған Михаил Васильевич Дёмин 1933 жылы еңбек жолын Риддердегі жөндеу-механикалық зауытта бастаған. Бүгінде бұл кәсіпорын «Қазцинк”атауымен белгілі. Оның бастаған ісін әулеттің бірнеше ұрпағы жалғастырып, қазіргі таңда «Қазцинк» компаниясының әртүрлі бөлімшелерінде абыройлы еңбек етіп келеді.

Республикалық марапатқа ие болу Дёминдер отбасы үшін көпжылдық маңдай тердің жоғары бағалануы ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының маңызын, ұрпақтар сабақтастығының құндылығын айқындайтын маңызды белгі болды.

– Біз әулетімізбен және ата-бабамыз жүріп өткен еңбек жолымен мақтанамыз. Бүгін осы сахнада тұрып, мұндай марапат алу – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл – аталарымыздың, ата-аналарымыздың және ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен барша жанның еңбегіне көрсетілген құрмет. Бұл жеңіс бізді дәстүрді жалғастырып, оны келер ұрпаққа табыстауға шабыттандырады, – деді әулет өкілі Наталья Кирсантова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button