Жаңалықтар

Самар: ауыл ішіндегі жолға толық асфальт төселеді

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жастармен өткен ашық форум барысында 2026 жылға арналған негізгі жоспарларды таныстырды.

Әкімнің айтуынша, келесі жылы аудан орталығындағы өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келелі жұмыстар атқарылмақ. Нақтыласақ, жол жөндеу жұмыстарына 300 миллион теңге бөлініп, ауыл ішіндегі жолдарға толықтай асфальт төселеді.

Бұдан бөлек, ауданда электрмен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарланған. Өйткені, кейбір көшелерде жарық жоқ. Осыған байланысты жол бойындағы ескі шамдарды қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары жүзгізілмек.

Айта кетейік, күні кеше Самар ауданының жастары аудан әкімімен ашық форум аясында еркін пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button