Жаңалықтар
Өскемен тұрғыны клиникалық өлімнен аман қалды

Өскемен қаласында 25 жастағы ер адамды тұрғын үйдегі есікте электр тоғы соғып, салдарынан клиникалық өлім жағдайына түсті. Қазір науқас ауруханада жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам домофон орнатылған есіктің тұтқасын ұстаған сәтте тоққа түскен.
Оқиға куәгерлері дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына Ерден Асубаев пен Ернар Ғабдуллин құрамындағы жедел жәрдем бригадасы келіп, шұғыл реанимациялық шаралар жүргізген. Нәтижесінде науқас аман қалды.
Одан кейін ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер толық тексеру жүргізіп, электр жарақатының салдарын анықтап жатыр.



