Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда орман шаруашылықтарына жаңа техника берілді

Қазақстан аумағындағы орман алқаптарының үлесі небәрі 5 пайызды ғана құрайды. Сондықтан елдің «жасыл өкпесін» сақтау – маңызды міндет. Ал орман қорының 40 пайызы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

Жыл соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов орман шаруашылығы саласының мамандарына жаңа қызметтік техникалардың кілттерін табыстады. Бұл қадам өңірдегі ормандарды қорғау және өрттің алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған.

Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру көліктері, «Беларусь» тракторлары, орман өртіне арналған шағын кешендер, автокөліктер мен мотоциклдер тапсырылды. Бұл техникалар орманды қорғау, өрттің алдын алу, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету және орманды қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылатын болады.

Аймақ басшысы сала қызметкерлеріне жаңа техникалар жұмыста сенімді көмекші болатынына сенім білдіріп, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бұл шараның маңызын атап өтті. Сондай-ақ орманшыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қауіпсіз қызмет тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button