Жаңалықтар

Өскеменде бір тәулікте 100-ден аса тұрғын жарақат алды

Өскеменде соңғы тәулікте көшеде жарақат алғандар саны күрт көбейді. №4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне барлығы 162 адам жүгінген.

Медициналық мекеме келтірген деректерге сәйкес, науқастардың 32-сі – тұрмыстық, ал 130-ы – көше жарақатын алған. Олардың ішінде: 76 адамда – сүйек сынуы, 59 адамда – көгеру, 2 адамда – буын шығуы, 23 адамда – созылу диагнозы қойылған.

Бұдан бөлек, бір науқас күйікпен, тағы бірі жүрек тұсынан жарақатпен жеткізілген. Қабылдау ағыны тым көп болғандықтан, бөлімшеге қосымша үш дәрігер шақырылған.

Аурухана дәрі-дәрмек пен қажетті құрал-жабдық қорының жеткілікті екенін хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button