Басты жаңалықЖаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет жерсеріктер шығарылады

Қазақстанда алғаш рет жерсеріктерді өз елімізде шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы жылдары жерді қашықтан бақылауға арналған кемінде 5–6 отандық спутник жасалады. Соның ішінде, 6 жерсерік шетелге экспортқа шығарылады.
Экспорт көлемі шамамен 75 миллион соманы құрайды. Бұл – Қазақстан тарихындағы алғашқы әрі ең жоғары технологиялы экспорт түрлерінің бірі болмақ.
Жасанды интеллект министрлігі спутник өндіру кешенінің қуатын толық пайдалану бағытында жұмыстарды бастап кетті.



