Жаңалықтар
Жекеменшік мектептер мен клиникаларды қаржыландыру қайта қаралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әлеуметтік сала мемлекет үшін басым бағыт болып қала беретінін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық орындалады.
Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау кезінде алаяқтықтың алдын алу қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде бұл саланы қаржыландыру саясатын қайта қарап, нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Мақсат — артық және негізсіз қаржыландыруды тоқтату, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі әділ жұмсалуын қамтамасыз ету.



