Басты жаңалықЖаңалықтар

Марқакөл ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

6 қаңтарда азаматтық қорғау жүйесіне арналған заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Маңызды нысан өңірдің шалғай және шекаралық елді мекендерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесінде жүзеге асырылды.

Жиынға облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов, ТЖД министрі Шыңғыс Әрінов және сала ардагерлері қатысты.

Жаңа бөлімше аудан тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Нысан елді мекендердің өрт қауіпсіздігі деңгейін едәуір арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Облыс әкімі өз сөзінде шалғай аудандарда азаматтық қорғау жүйесін дамыту өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
— Құрметті жерлестер, қадірменді қонақтар! Марқакөл ауданында қайта жаңғыртудан кейін ашылып отырған өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуымен құттықтаймын. Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңа ғимарат бұрынғы ескірген өрт сөндіру бөлімшесінің орнын басты. Бекет заманауи талаптарға сай салынған және жеке құрамның тәулік бойы тиімді қызмет атқаруына қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Оның автопаркі Марқакөл ауданының күрделі климаттық және таулы жағдайларына бейімделген 8 заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасымен жабдықталды. Жаңа бөлімше шамамен 23 елді мекенге қызмет көрсетеді. Нәтижесінде өңірдегі 7 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздік деңгейі арта түспек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button