Жаңалықтар
Музейге жаңа басшы тағайындалды-ШҚО

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорықтың жаңа басшысы тағайындалды.
Конкурстық комиссия шешімі бойынша директор қызметін Азамат Маратұлы Мұхамедчинов атқаратын болды.
Бұған дейін ол музей-қорық директордың міндетін атқарушы қызметін атқарған. Азамат Мұхамедчинов 1978 жылы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген және музыкалық білімі бар.
Одан бөлек, ол экономика және бизнес мамандығы бойынша жоғары білім алған.



