Киноға ең қымбат билет — Шығыс Қазақстанда

Қысқы маусым қарсаңында елдегі кинотеатрларда билет бағалары едәуір өсті. Ресми деректерге сүйенсек, қазан айында кинотеатрға бір реттік кіру құны 12,9%-ға артқан.
Қазақстанның ірі қалаларында орташа билет бағасы 2400 теңге. Аймақтар бойынша айырмашылық байқалуда. Мәселен, Семейде билет бағасы 1600 теңге болса, Өскеменде 3100 теңгеге жетті. Сол себепті Шығыс Қазақстандағы кино билеттері еліміздегі ең қымбат билет қатарына кірді. Ал Астана мен Алматыда билеттер сәйкесінше 2800 және 2300 теңге тұрады.
Сонымен бірге, кинотеатрлар тек шетелдік фильмдерден емес, қазақстандық туындылардан да табыс табуда. Былтырғы жылы жалпы кіріс 43,6 млрд теңге болып, оның 24,2 млрд теңгесі шетелдік фильмдерге, ал 17,6 млрд теңгесі отандық киноларға тиесілі болған.



