Жаңалықтар

Өскемен – Семей тас жолы уақытша жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен – Семей республикалық маңызы бар тасжолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

«ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, бүгін сағат 10:30-дан бастап жолдың 10-103 шақырым аралығы, яғни Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі бөлігі барлық көлік түрі үшін жабық.

Шектеу ауа райы жақсарғанға дейін сақталады. Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын бағытты нақтылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button