Жаңалықтар
–39°C аяз: Өскеменде оқушылар қашықтан оқи ма?

Синоптиктердің болжауы бойынша алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Кей жерлерде аяз –39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ форматының өзгеруі ықтимал.
Қатты аяз кезінде оқушылар қашықтан оқуға көшеді. Температуралық шектеулер төмендегідей:
Желдің жылдамдығы 2 м/с-тан төмен болса:
–28°C және төмен — 1–4 сыныптар
–32°C және төмен — 5–9 сыныптар
–34°C және төмен — 10–11 сыныптар, колледждің 1–2 курс студенттері
Желдің жылдамдығы 2 м/с-тан жоғары болса:
–23°C және төмен — 1–4 сыныптар
–27°C және төмен — 5–9 сыныптар
–29°C және төмен — 10–11 сыныптар, колледждің 1–2 курс студенттері.
Сондай-ақ, көктайғақ пен қатты жел кезінде мектептер мен колледждерде офлайн сабақ өткізуге тыйым салынады.
Сабақтың оқу форматы туралы ақпаратты білім басқармасы мен төтенше жағдайлар қызметі хабарлайды.
Оқушылар мен ата-аналардан ресми ақпаратты қадағалап отыру ұсынылады.



