Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде қандай жолдар жөнделеді?

Шаһар басшысы Алмат Ақышов жұмыс кеңесінде қала тұрғындары үшін сапалы жолдардың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы қала аумағында 42 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткен. Биыл бұл көлемді ұлғайту жоспарланып отыр. Негізгі назар әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға, кеңейту мүмкіндігі бар жол учаскелеріне аударылады.
2026 жылы орташа жөндеу жүргізу жоспарланған көшелер мен жол учаскелері:
•Өтепов көшесінің шағын бөлігі (№47 мектепке апаратын жол). Әкім бұл көшені тұйықсыз, толық өтпелі көше ету жөнінде тапсырма берді;
•Желтоқсан көшесі;
•Протозанов көшесінің бір бөлігі;
•Михаэлис көшесі — 30-гвардиялық дивизия көшесінен Белинский көшесіне дейін;
•Добролюбов көшесі — Назарбаев даңғылынан Гагарин бульварына дейін («Рахат» дүкені маңы);
•Өтепов көшесінен Қазыбек би даңғылына дейінгі жол;
•Әуезов даңғылы мен Крылов көшесінің арасындағы жол (№1 мектеп маңы);
•Нефтяная көшесі (№32 мектеп маңы).
Сондай-ақ қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, өзге де жолдарды жөндеу жоспарлануда.
-Бюджет қаражаты жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық бере отырып бөлінетін болады, — деді қала әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button