Жаңалықтар
Өскеменде жол апаты болды

Бүгін Серікбаев көшесінде үш көліктің соқтығысуымен ірі жол апаты орын алды.
Автобус жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамаған. Соның кесірінен автобус Mercedes және VAZ 2109 көліктерімен соқтығысқан.
Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.



