Жаңалықтар

ШҚО: Қос азаматтығы бар 11 адам анықталды

Өткен жылдың басынан бері көші-қон қызметкерлері шетел азаматтығын алуына байланысты Қазақстан азаматтығынан айырылған 1000-нан астам адамды анықтады.

63 адам қос азаматтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 38-і шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде уәкілетті органдарға хабарламағаны үшін, ал 15-і қазақстандық төлқұжатты, жеке куәлікті заңсыз пайдаланғаны үшін айыпталды.

— 2025 жылдың басынан бері сот шешімімен барлығы 11 адам елден депортацияланды. Барлық бұзушылардың Қазақстан азаматтығы туралы құжаттары тәркіленіп, олардың Қазақстан азаматтығы жоғалған деп тіркелді, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, шетел азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлап, қазақстандық құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button