Жаңалықтар

Жыл басынан бері 37 өрт тіркелген — ШҚО

Оның 9-ы пешті дұрыс пайдаланбаудан, 11-і электр жабдықтарын қолдану ережелерін бұзудан, 10-ы отты абайсыз қолданудан шыққан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов айтты.

Оның айтуынша, суық күндері үйлер мен пәтерлерде пеш, электр жылыту құрылғыларына түсетін жүктеме артады. Осыған байланысты оларды қауіпсіз түрле пайдалану керек.

— Пешті үздіксіз жақпау, балаларды пеш жағуға жолатпау, жылыту құрылғыларын қолданар алдында сымдары мен штепсельдерін тексеру қажет. Сондай-ақ, киімді жылыту құрылғыларында кептіруге қатаң тыйым салынады. Автокөлік иелеріне көлікті тек рұқсат етілген әрі қауіпсіз тәсілдермен жылыту ұсынылады, — деді Нұржан Өміржанов.

Сондай-ақ, қтты аязға байланысты тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескерту жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button