Жаңалықтар

ШҚО-да халық саны азайып барады

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы мәліметке сүйенсек, облыста 720 мың адам тұрады. Оның басым бөлігі – қала тұрғындары.

Биыл өңірде халық саны азайған. Тоғыз айда қайтыс болғандар саны туылғандардан көп. Өткен жылы осы уақытта керісінше аз да болса табиғи өсім болған еді.

Статистикалық деректерге қарасақ, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйегінде 5656 бала дүниеге келген, бұл былтырғымен салыстырғанда 11,3%-ға аз.

Халық санының азаюына тағы бір себеп – көші-қон. Өңірден көшіп кетушілер саны келушілерден көп болды. Жалпы алғанда, бұл деректер аймақта халықтың азаю үрдісі күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button