Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде жаңа жылу электр орталығы салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысын жедел бастауға тапсырма берді. Президенттің айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келеді.

— Күн тәртібіндегі маңызды жобаларды тезірек іске асыру қажет. Бұл мәселені шешу созылып кетті, ал халық күтіп отыр, — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Көкшетау мен Семей қалаларында да жаңа жылу электр орталықтарын салу қажеттігін атап өтті. Аталған тапсырмалар Үкімет пен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына жүктелді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Курчатов қаласындағы электр станциясын уақтылы іске қосуды, ГРЭС-2-де қосымша энергоблоктарды пайдалануға беруді және Екібастұздағы ГРЭС-3 құрылысына кірісуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button