Жаңалықтар
ШҚО-да жол апатының саны артты

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылдың желтоқсан айында жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Ресми дерекке сенсек, бұл айда облыста 1271 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп.
Нақтыласақ, 2024 жылдың желтоқсанында 1060 көлік апаты болған, яғни 211 оқиғаға көп.
Жол апатынан 1843 адам жарақат алып, 61 адам қаза тапқан. Ең жиі кездесетін себептер – жылдамдықты асыру, жол ережесін бұзу, мас күйінде көлік жүргізу және жол сапасының нашарлығы.



