Жаңалықтар

ШҚО-да облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі бейнеконференция форматында жиналыс өткізді.

Отырыс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (5-баптың 1 және 5-тармақтары, 11-баптың 1-тармағы) сәйкес ұйымдастырылды. Күн тәртібінде бірқатар маңызды нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды.

Атап айтқанда:

  • 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы ШҚО мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі жоба; -Акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру және асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту шараларын субсидиялау көлемдері бойынша ШҚО әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы;
  • — Катонқарағай, Глубокое және Үлкен Нарын аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы ШҚО әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі жобасы;
  • — Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ставкаларын белгілеу туралы мәслихат шешімі жобасы.
    Қоғамдық кеңес әр жоба бойынша талқылау жүргізіп, тиісті ұсыныстарын енгізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button