Жаңалықтар
Балалардың бойы баяу өсіп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейінгі жылдары әлемде 5 жасқа толмаған балалардың бойы әдеттегіден баяу өсіп жатқанын анықтап, дабыл қақты. Бұған дұрыс тамақтанбаудың әсері көп.
Ұйымның есебінде 5 жасқа толмаған 144 миллион баланың бойы өз жасына сай емес екені жазылған. Баланың бойы стандартқа сәйкес келмегені оның салмағы да денесіне лайық емесін білдіреді. Мысалы, есепте қамтылғандардың ішінде 38,3 млн бала артық салмақтың, ал 47 млн бала салмақ жетіспеуінің зардабын тартып келеді.
Осыған байланысты ұйым ата-аналарды баланың өсуін жіті бақылауға шақырады.



