Жаңалықтар

2025 жылғы ШҚО бюджетіне өзгерістер енгізілді

Республикалық трансферттердің азаюы және кіріс бөлігінің артуына байланысты облыс бюджеті қайта қаралды.

Қысқартулар:

Республикалық трансферттер бойынша — 1,7 млрд теңге;

Кейбір мектеп құрылыстары, Риддердегі аурухана, сайлау және инфрақұрылым жобалары бойынша шығындар азайтылды.

Қосымша түсімдер:

+2,9 млрд теңге — салықтар мен айыппұлдар есебінен.

Түсімдер қаржысы төмендегідей бағыттарға бөлінді:

* білім – мұғалімдер жалақысы, тамақтану, коммуналдық қызметтер, жеке балабақшалар;

* спорт – жаттықтырушыларға үстемақы, коммуналдық төлемдер;

* энергетика және ТКШ – Риддер ЖЭО-ны жөндеу, жылу желілері, көмірге субсидия;

*құрылыс — ауылдардағы спорт нысандарының құрылысын аяқтау.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Өскемендегі 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысына 20,4 млрд теңге бөлінді.

Өзгертулер өңірдегі маңызды жобаларды аяқтап, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button