Жаңалықтар

Жас емес, жігер маңызды: Глубокое ауданындағы 72 жастағы хоккейші

Глубокое ауданында шайбалы хоккейді дамытуға ерекше назар аударылуда. Ауданда бұл спорт түрі көптеген жылдар бойы танымал болып, тұрақты түрде дамып келеді.

Бүгінде ауданда «Глубокое» және «ERTIS» хоккей командалары бар. Олар жыл сайын облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындар алып келеді. Атап айтқанда, 2025 жылы аудан командасы Евгений Поладьевті еске алу чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, соңғы бес жылда Төлеген Тоқтаровты еске алу чемпионатында екі рет чемпион және қола жүлдегер атанған.

—Аудандағы жастар да, қарттар да хоккеймен шұғылданады. Тіпті осы спортпен айналысатындардың қатарында 72 жастағы тұрғын бар. Қариямыз көпке үлгі көрсетіп жүр. Жалпы біздің ауылдың мұз айдынынан шыққан балалардың барлығы – нағыз талант. Қазір олардың ішінде Торпедода өнер көрсетіп жүргендер бар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш,-деді спорт нұсқаушы Ақылбек Асанов.

Былтыр Прогресс ауылында 20 миллион теңгеге жаңа хоккей корты салынды. Бұл спорт нысаны ересек командаларға да, жас хоккейшілерді даярлауға да қолданылады.

Бүгінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Шайбалы хоккей» бағыты бойынша 35 бала және 80 ересек адам тұрақты түрде жаттығумен айналысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button