Жаңалықтар

ШҚО волонтерлік белсенділігі жоғары өңірлердің бестігіне енді

Шығыс Қазақстан облысы волонтерлік қызмет деңгейі жоғары өңірлердің алғашқы бестігіне кірді. Аймақта еріктілікке қызығушылық жыл сайын артып, тұрғындардың қайырымдылық пен көмек көрсетуге бейімділігі байқалып отыр.

Өткен жылы Ұлттық волонтерлік желі министрлік тапсырысы бойынша «Волонтерлік салаға қоғамдық сенім деңгейін бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанда волонтерлік қызметтің кеңінен дамығаны анықталды. Сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 95,3 пайызы волонтерлік қызметтің мәні мен маңызын жақсы түсінетінін айтқан.

Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Шығыс Қазақстан Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарымен қатар волонтерлік қызмет деңгейі жоғары өңірлердің қатарына енді.

Волонтерлік белсенділікті арттыру мақсатында аймақта нақты бастамалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – былтыр 19 қарашада басталған «Мейірімді Шығыс» қайырымдылық акциясы. Оның басты мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және жастарды еріктілік қызметке тарту.

Қоғам тарапынан кең қолдау тапқан бұл акция қысқа уақыт ішінде өңірлік деңгейден асып, республикалық сипат алды.

Айта кетейік, акцияға шамамен 10 мыңға жуық адам қатысқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button