Жаңалықтар

ШҚО-дағы әкімдердің рейтингін кім бастап тұр?

Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Жиында 2025 жыл бойынша әкімдердің рейтингі шықты.
Облыста KPI көрсеткіші бойынша әкімдердің жұмысы бағаланады. Рейтинг маңызды жобалардың іске асуы, салық түсімдерінің көрсеткіші, жұмыс орындарының ашылуы және экономикалық әлеуетті негізге ала отырып жасалады. Рейтингте қай ауданның басшысы өнімді еңбек етіп, қай әкім міндеттелген жұмысты соңына дейін жеткізбегенін байқауға болады:

Алтай ауданы — 100%
Үлкен Нарын — 100%
Зайсан ауданы — 100%
Ұлан ауданы — 100%
Тарбағатай ауданы — 98,7%
Катон-қарағай ауданы — 98%
Риддер қаласы — 94,9%
Күршім ауданы — 91,2%
Глубокое ауданы — 89,4%
Шемонаиха ауданы — 83,9%
Марқакөл ауданы — 73,9%
Өскемен қаласы — 73,6%
Самар ауданы — 57,7%

— Нәтижелі еңбек еткен әкімдер мен жұмыс көрсеткіші төмен үш әкімнің тізімі дайындалуға тиіс. Рейтинг қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен әкімдер марапатталып, ал жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындай алмаған басшыларға нақты шаралар қолдану қажет, — деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button