Жаңалықтар
Қазақстанда алтын бағасы өсті

Қаңтар айында алтынның бағасы қымбаттады. Ұлттық банктің мәліметінше, қазір бір грамм алтынның бағасы 82 164 теңге болып отыр. Ал 2026 жылдың басында оның бағасы 71 300 теңге шамасында болған.
Алтын бағасы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өсіп жатыр. 26 қаңтар күні әлемдік нарықта алтынның бір троя унциясының бағасы 5000 доллардан асып, кейін 5200 долларға дейін жетті. Бұл – тарихи рекорд.
Сарапшылар алтын бағасының өсуін АҚШ долларының әлсіреуімен, әлемдегі геосаяси жағдайдың күрделенуімен және экономикалық тұрақсыздықпен байланыстырып отыр.
Қаңтар айының өзінде алтынның әлемдік бағасы 20 пайызға, ал соңғы бір аптада 5 пайыздан астам қымбаттаған.



