Ұлан ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ұланда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараны аудан прокуратурасы бастап, жергілікті әкімдік бөлімдері, пробация қызметі, полиция, жеке сот орындаушылары және Мансап орталығы бірлесе өткізді. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Жәрмеңке бұрын сотталған, пробация және полиция бақылауында тұрған азаматтарға, алимент бойынша берешегі барларға, NEET санатындағы(оқымайтын, жұмыс істемейтін) жастарға және тұрақты жұмысы жоқ аудан тұрғындарына арналды. Оған 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, әртүрлі салалар бойынша шамамен 250 бос жұмыс орнын ұсынды.
Қатысушылар сол жерде жұмысқа орналасу, оқыту және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары туралы кеңес алды. Шара қорытындысы бойынша шамамен 80 адам жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Алдағы уақытта қажетті құжаттарды рәсімдеу және нақты жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады.



