Жаңалықтар
Онлайн авто-мектепке сенбеңіз – ІІМ ескертеді

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді онлайн түрде жедел оқытамыз деген ұсыныстарға қатысты ескерту жасады. Министрліктің айтуынша, жүргізушілерді тек лицензиясы бар авто-мектептерде оқытуға болады.
ІІМ онлайн форматта көлік жүргізу дағдыларын үйрену мүмкін емес екенін атап өтті. Сондықтан тек онлайн мектеп арқылы жүргізуші болуға тырысу қауіпті.
Сондай-ақ, авто-мектепті аяқтағаннан кейін қағаз анықтама алу қажет емес. Оқу туралы мәліметтер электронды жүйе арқылы ХҚКО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Министрлік болашақ жүргізушілерді оқуға жауапкершілікпен қарауға шақырады, себебі дұрыс білім мен тәжірибе жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.



