Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Бүгін облыстық әкімдікте жаңа Конституцияның жобасын талқылау және түсіндіру жөніндегі актив отырысы өтті.

Жиын барысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Ата Заңға өзгерістер енгізу – мемлекет негізіне және қоғамдық келісімге тікелей қатысты мәселе екенін атап өтті.

Ұсынылған құжат кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Комиссия мүшелерінің түсіндірмесіне сай, жоба қолданыстағы Негізгі заңды айтарлықтай жаңартуды көздейді.
Жаңа Конституция жобаның преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген.
Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім еліміздің іргетасы ретінде айқындалады. Заң мен тәртіп, әділеттілік пен табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты да алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек, — деді ШҚО әкімі.

Президент жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия қатарында мәслихат төрағасы Денис Рыпаков пен Қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Әшімова да бар.

Комиссия мүшелерінің көбі әлеуметтік желіде белсенді. Нәтижесінде, бүгінде желіде түрлі ұсыныс-пікір айтылып, қызу талқылау жүріп жатыр. Комиссия жұмысы ашық және жария түрде жүзеге асырылуда. 77 бапқа түзету енгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызы. Назар салсақ, ескі Конституция – өткен дәуірдің мұрасы. Әуелі қолданыстағы Конституция өзінің логикасы мен рухы жағынан көп жағдайда Кеңес заманының сипатын сақтап қалған. Жаңа Конституция жобасы өткеннің қисынынан шығып, посткеңестік кеңістіктен тыс, заманауи мемлекет моделіне көшуге жасалған талпыныс деп білеміз, — деді Аяужан Әшімова.

Жиын барысында кейінгі буын өкілдері мен жастар өз ойларымен бөлісіп, жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button