Жаңалықтар

ШҚО-да балықшылар қар құрсауынан құтқарылды

Ұлан ауданы Каменка ауылдық округіне балық аулауға барған төрт азамат қолайсыз жағдайға тап болған.

Каменка су қоймасынан қайтып келе жатқан балықшылар екі жеңіл автокөлікпен жүрген. Алайда жолда көліктері қарға батып, қозғала алмай қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, балықшыларды жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген, медициналық көмек қажет болмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button