Жаңалықтар

ШҚО-да робот-сапёр сатып алынады

Шығыс Қазақстан облысында полиция департаменті жаңа робот-сапёр сатып алуды жоспарлап отыр. Ол жол талғамайтын автокөлік базасында жасалған және жарылғыш заттарды залалсыздандыруға арналған.

Бұл мақсатқа қаражат бөлу мәселесі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды. Депутаттар робот-сапёр сатып алуға 1 миллиард 750 миллион теңге бөлуді қолдады.

Қаражат өткен жылы игерілмей қалған бюджет қаржысы, сондай-ақ кейінгі уақытта түскен айыппұлдар мен салықтар есебінен қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button