Жаңалықтар
ШҚО-да жаңбыр жауып, боран соғады

6 ақпанда облыста ауа райы күрт бұзылады. Түстен кейін облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, кешке қарай қарға ауысады.
8 ақпанда да ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде -10…-15 градусқа дейін суытады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында -18 градус болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -8…-13 градус шамасында болады.



