Жаңалықтар
Өскеменде өрттен кейінгі қоқыс жиналды

Өскеменде Әуезов даңғылы, 49Б үйінде болған өрттен кейін пәтерден шыққан қоқысты жинау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін арнайы техника жұмылдырылды.
Пәтерден шыққан өртті сөндіруге сегіз сағаттан астам уақыт кетті. Үй иесі зардап шеккен жоқ.
Тұрғын үйден шыққан қоқыс көрші пәтерлер мен бірінші қабаттағы коммерциялық нысандарға да тараған.
Қазір қоқыс пен жанған қалдықтарды «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны шығарып жатыр.
Аталған үйдің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары осы жылы жүргізіледі. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, жөндеу кестесі белгіленді.
Өрт салдарынан келген материалдық шығындарды өтеу мәселесі заң бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.



