Жаңалықтар
Бір аптада 38 қаңғыбас ит ауланды-Өскемен

Өскеменде қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының 2021 жылғы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, гумандық әдістер қолдану арқылы орындалып жатыр.
Аулау жұмыстарын «Досым-Өскемен» жеке кәсіпкерлігі (Скосарева Елена) жүзеге асырады. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес күн сайын атқарылады. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен арыздары негізінде жүргізіледі.
Айта кетейік, осы аптада 38 қаңғыбас ит ауланды.



