Жаңалықтар

Өскемендік оқушылар арасында қауіпті ойын тарап жатыр

Өскемендік ата-аналар мен жүргізушілер дабыл қағуда. Өйткені балалар арасында қауіпті ойын тарап жатыр. Ойын шарты бойынша көлік, автобус немесе трамвай алдынан жылдам жол кесіп өту керек. Жастар бұл ойынға «Жүгіріп өт немесе өлім» деп ат қойған.

Мамандар, бұл ойын смартфондағы ойындардың салдары дейді. Өйткені дәл осы ойынның онлайн нұсқасы бар. Осы орайда Білім басқармасынан қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрап білдік.

— Қазіргі таңда «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бағыттары аясында облыстағы  білім беру ұйымдарында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мектептерде сынып сағаттары, түсіндіру жұмыстары, психологтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп, ата-аналармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылуда.

-Бұл ойынға қатысты ақпарат бақылауда, — дейді Білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button