Жаңалықтар

ШҚО-да мұғалімге қайсарлығы үшін медаль табысталды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында мұғалім Рулан Сейітов өрт кезінде екі баланың өмірін сақтап қалды.

18 қаңтарда Соловьево ауылындағы тұрғын үйден өрт шыққан. Өртті байқаған Рулан Сейітов терезе арқылы үйге кіріп, екі баланы сыртқа алып шыққан. Ол балаларды өз үйіне апарып, қауіпсіз жерге орналастырған. Кейін көршілер келіп, үйде қалған әжесін сыртқа шығарған.

Рулан Сейітов орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ерлігі үшін оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button