Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-ға қанша инвестиция тартылды?

Шығыс Қазақстан облысы биылғы жылды жақсы экономикалық көрсеткіштермен бастады. Өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті.
Тікелей шетелдік инвестициялар да айтарлықтай артқан. Биыл олардың көлемі 1,6 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көбейді. Осы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан республикада үшінші орынға шықты.
Жалпыұлттық инвестициялық пулға жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 67 жоба енгізілген. Қазір олардың 49-ы іске асырылып жатыр. Бұл жобалар 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.



