Жаңалықтар

Биыл Шемонаихада сегіз мектеп жөнделді

Биыл Шемонаихада сегіз мектеп жөндеуден өтті. Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде былтыр Шемонаиха қаласында 300 орындық жаңа мектеп салынған. Бұдан бөлек, 14  білім беру мекемесінде жөндеу жүргізілген.

  • Биыл ауданда сегіз білім ордасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бес мектепке жеті оқу кабинеті сатып алынды. Мұның бәрі оқушылардың сапалы білім алуына жасалып жатқан жағдай, — деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button