Жаңалықтар
ШҚО-да жоғалған ер адам табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен табылды.
14 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны полицияға хабарласып, 1995 жылы туған ұлының үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ер адамның жүрген бағытын анықтап, болуы мүмкін жерлерді тексерген.
Осылайша, жоғалған азамат жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аман-есен табылды.



