Жас дзюдошылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды-ШҚО

Өскеменде спорт ардагері, жоғары санатты жаттықтырушы Григорий Иванович Бердустың жүлдесіне арналған 2009–2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан республикалық турнир аяқталды.
14–15 ақпан аралығында өткен дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 226 спортшы қатысты.
Турнирдің географиясы ауқымды: жарыс жолында Астана, Алматы қалаларының, Ақмола және Павлодар облыстарының балуандары бақ сынады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының намысын Семей, Риддер қалалары мен Зайсан, Шемонаиха, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай, Глубокое, Күршім, Самар және Алтай аудандарының құрамалары қорғады.
Боз кілемде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары дайындық пен жеңіске деген жігер көрсетіп, келесі салмақ дәрежелерінде жүлдегер атанды:
• 1-орын (Алтын): Миратұлы Әзім (-81 кг) және Базарқатов Ералы (+90 кг).
• 2-орын (Күміс): Мұратбек Ерсултан (-66 кг) және Мұхаметқаиров Арлан (-81 кг).
• 3-орын (Қола): Жұмагелдин Әлихан (-50 кг), Те Артур (-60 кг) және Қадырханов Ибрахим (-66 кг).
Аталмыш жарыс ардақты жаттықтырушыға тағзым етіп қана қоймай, жас балуандар үшін тәжірибе алмасудың таптырмас мектебіне айналды.



